2021 жылғы 25 шілдеде инстаграм, фэйсбук парақшалары мен ютуб каналында 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған Әзімбай Лекеровтың туғанына 120 жыл толуына орай «Алғашқы экономист, профессор – Әзімбай Лекеров» бейнетүсірілімі жарияланды. Өткізу мақсаты - ХХ ғасырдың 30-50-жылдарындағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтап, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті бұрынғыдай қалпына келтіру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу және Әзімбай Лекеровтың өмірі мен қызметін насихаттау. Аталған бейнетүсірілім Әзімбай Лекеровтың қызы Айседора Ликерова 2020 жылы мұражай қорына тапсырған ата-анасына қатысты архивтік құжаттар мен фотосуреттер негізінде дайындалған.