2021 жылғы 7 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Ресей көркемөнер академиясы ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, өнер тарихының кандидаты Ирина Чмырева келді. Ол «Алаш», «АЛЖИР» залдарының экспозицияларымен танысып, пікір кітабында музей қызметкерлерінің «АЛЖИР» тұтқындарының рухын мәңгі сақтау жолындағы атқарып жатқан қызметіне алғыс білдірді.