2021 жылғы 27 шілдеде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола лагері туралы спектакль түсіру мақсатында Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Салаватұлы Бақтыгереев келді. Қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді және мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» және "ALJIR. Qorqiniєti tustey... Kak strashnyi son..."атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.