2021 жылғы 10 тамызда инстаграм, фэйсбук парақшалары мен ютуб каналында «Абай Құнанбаевтың құғын-сүргінге ұшыраған туыстары мен ұрпақтары» көрмесі жарияланды. Өткізу мақсаты – Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Көрменің негізін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі «АЛЖИР» музейінің қорына тапсырған материалдар құрды.