2021 жылғы 20 тамызда фэйсбук парақшасы мен ютуб каналында Әзиза Рысқұлованың туғанына 110 жыл толуына орай Тұрар Рысқұловтың немересі Адель Рысқұлованың жеке мұрағатының материалдары негізінде «Рысқұлов отбасының тарихындағы қуғын-сүргіндер» бейнетүсірілімі жарияланды. Жаппай саяси қуғын-сүргін кезінде Тұрар Рысқұлов «халық жауы» атанып, 1938 жылы 10 ақпанда атылды. «Мемориал» қорына Ресей Федералдық Қауіпсіздік Қызметі тапсырған мәліметі бойынша «Коммунарка» атты НКВД арнайы нысанында жерленгендердің тізімінде Тұрар Рысқұловтың жерлегені туралы мәлімет бар. 1956 жылы өлімнен кейін ақталған. Тұрар Рысқұлов атылғаннан кейін оның әйелі Әзиза Есенғұлова «халық жауының әйелі» ретінде тұтқындалып, отанын сатқан әйелдерінің Ақмола лагеріне жіберілді. «АЛЖИР»-ге Әзиза емшектегі қызы Ридамен келді. Рида үш жасқа толғанда оны анасынан айырып, Қарағанды облысының Осакаров балалар үйіне жіберді. Тұрардың жалғыз ұлы Ескендір түрмеде туберкулез ауруынан қайтыс болды.
Тұрардың үлкен қызы Сәуле Одесса облысы Дубки селосындағы балалар үйіне жөнелтілді.
Ғарифа Есенғұлова «АЛЖИР»-де Тұрар Рысқұловтың енесі болған үшін мерзімін өткізді. Лагерден босатылуына аз уақыт қалғанда миына қан құйылып қайтыс болды. Сонымен қатар, Әзизаның інісі Шәміл Есенғұлов қуғын-сүргінге ұшырап, Коми АКСР Ухта лагерінде 5 жыл мерзімін өткізді.