2021 жылғы 12 тамызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне «АЛЖИР» тұтқыны Бүлім Назарова-Имамбаеваның немересі Баян Үмбетова келді. Бүлім Назарова-Имамбаева 1940 жылдың 1 шілдесінде лагерде қайтыс болып, «АЛЖИР» тұтқындарының жаппай жерленген жерде жерленген.
Қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді және мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.