«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Оксфорд университетіндегі Орта Азияны зерттеу бойынша орталық ұйымдастыратын көрменің іріктеу байқауында ұсынылатын «Кеңестік Орта Азияның тарихы 100 нысанда» жобасына қатысуға шақырту алды.

Аталған жобаның мақсаты – Орта Азияның кеңестік тарихын тарихи артефактілерде көрсету. 2021 жылғы желтоқсан айында ұйымдастырылатын онлайн көрмеде музейдің маманы Рахима Рамазанқызы Жақсыбаева 2003 жылы Ақмола облысы Новоишимка ауылының мұғалімі Раиса Голубева «АЛЖИР» тұтқыны Гертруда Платайстың естелігі бойынша жазған құрт жайлы тарихын айтып береді.

FaLang translation system by Faboba