2022 жылғы 25 мамыр күні «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша республикалық қоғамдық штабтың басшысы Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы, Бірлескен мұражайлар дирекциясының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша жалпыхалықтық Референдумның маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Дирекция қызметкерлері Жаңа Қазақстанның қалыптасуына нақты қадамдар жасалып жатқанын қолдайтындарын білдірді.