ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП
14 қыркүйек күні «АЛЖИР» музейінде Нұр-Сұлтан қаласында құқық бұзушылықтың алдың-алудың кешенді жоспары аясында Целиноград аудандық полиция бөлімімен бірлесіп «Заңдылық, құқық тәртібі және қоғамдық тәртіп» тақырыбында іс-шара өтті.
Өткізу мақсаты – жастар арасында құқұқ бұзушылықтың алдын алу, жас ұрпақтың бойында құқұқтық сананы тәрбиелеу, өз бетінше шешім қабылау дағдаларын дамыту, жастар арасындағы құқұқтық сауаттылықтың жалпы деңгейін көтеру.
Кездесу барысында жасөспірімдердің ісімен айналысатын инспектор, полиция капитаны Бөлегенов Асхат Бақытұлы әкімшілік және қылмыстық заң нормаларын, соның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар туралы түсіндірді. Асхат Бақытұлы оқырмандарға оқу орнында және қоғамдық орындарда ережені ұстану, білімдерін жетілдіруге, адамгершілік және отбасы құндылықтарын басшылыққа ала отырып, заң талаптарын бұлжытпай орындауға сақтауға шақырды.