2023 жылғы 16 наурыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Астана қаласының кәсіптік-техникалық колледжімен бірлесіп Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз – жыл басы» атты іс-шара ұйымдастырды.
2023 жылғы 16 наурыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Астана қаласының кәсіптік-техникалық колледжімен бірлесіп Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз – жыл басы» атты іс-шара ұйымдастырды. Наурыз мерекесінің басты мақсаты – қазақ жеріндегі бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және қоршаған ортаға деген құрметті қатынасты қалыптастыру. Іс – шара қазақтың ұлттық мерекесі – Көрісу күнін көрсетуден басталды. Музей қызметкерлері С. Есімов, Қ. Дүйсекеев, Р. Жақсыбаева, Ш. Диярова, Ә. Сәлімжанова, Р. Брус, Қ. Бекмағанбетова, Ж. Мажитова, Г. Камышева, А. Аблякимова және колледж оқытушылары Т. Зайсанбаев, А. Шанбай, А. Бимырзаева, М Хамитова және М. Брянов бір-бірімен амандасып, жақсылық тілеп қана қоймай жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, ілтипат білдірді. Бұл күн — «Адам аузы аққа, мал аузы көкке тиді» деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін күні. Бұл күннің бір ерекшелігі – бұрын-соңды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысады. Төс қағыстырып, мал-жанының амандығын сұрасып, қыстан аман шыққандықтарына тәубе келтіреді. Құт-береке мен молшылықты білдіретін «Шашу» ежелгі қазақ салт-дәстүрлерінің бірін Әмина Сәлімжанова мен Айше Аблякимова өткізді. Директордың орынбасары Самат Ілиясұлы Тергембаев кіріспе сөзінде Наурыз мейрамында көрсетілетін дәстүрлер мен оның халықаралық деңгейі туралы айтты. Астана қаласы кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері – жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, оның ішінде Мақсат Серікұлы «Отаным Қазақ елі» әнін, Асқар Байған «Жоқ, жаным» әнін, Адия Сағатбек «Қазақстан» әнін, Сымбат Мошкалова, Әнел Нұржанова және Назлы Рахметтуллаева «Домбыра» әнін, Анель Нұржанова мен Әлия Мырзахметова «Япурай» әнін, Нұрасыл Батыржанұлы «Көктем» әнін орындады. Қарашаш Бекмағанбетова, Елена Саморокова, Әсем Ескендірова мен Гүлнұр Мейірханова қонақтарға мерекенің басты тағамы – «Наурыз» көжеден дәм татқызды. Мереке «Аунату» рәсімін көрсетумен жалғасты. Бұл рәсім "Малиновка" іздестіру тобының мүшесі – Ақмол ауылы жалпы білім беретін мектебінің 3 «г» сынып оқушысы Алрамин Абибулланың қатысуымен өткізілді. Ол сол кісіге ұқсап, жақсы адам болып өсу ниетімен құрметті қонақтың орнына отырғызылды. Мереке «Армрестлинг», «Қолтық жекпе-жек», «Жаяу тартыс» спорттық ойындарымен аяқталды.
FaLang translation system by Faboba