25 сәуір күні"АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде 1938 жылғы «АЛЖИР»-де туған алғашқы нәресте Георгий Каретниковпен кездесу өтті.
25 сәуір күні"АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенінде 1938 жылғы «АЛЖИР»-де туған алғашқы нәресте Георгий Каретниковпен кездесу өтті. Ол 77 жылдан кейін қызы Дарьямен бірге анасы Ольга Семеновна Гальперинаны еске алу үшін келді. Қонақтарға зерттеу жұмысы бөлімінің маманы Елена Саморокова экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында Георгий Николаевич лагерьде туылғанын айтып, балалық шағы туралы естеліктерімен бөлісті. Георгий Николаевич 1938 жылы 12 қазанда «Отанын сатқандар әйелдерініңАқмола лагерінде» дүниеге келген және 1946 жылы анасы босатылғанға дейін лагерьдің артында тұтқын әйелдер салған балалар барағында тұрған. Балалық шағынан оның есінде қалғаны, күздегі тікенекті сымның артында өскен қызғалдақтар мен жаздағы көкнәр еді. Ол үшін лагерьдегі тәрбиешісі Сима Моисеевна анасындай болды, ол кезде ол "ананың" не екенін түсінбеді. Алғаш рет анасын 1946 жылы босатылған кезде ғана көрді.
Ольга Семеновна Гальперина 1905 жылы 8 шілдеде Киевте туылған, ұлты – еврей. Ол бүкіл өмірін музыкаға арнады: алдымен әйгілі музыканттар С.В. Тарновский мен Г. Нейгауздан білім алды, содан кейін Мәскеу музыкалық онжылдығының директоры болып жұмыс істеді.
Ольга Семеновнаның бұрынғы күйеуі «Отанына опасыздық жасады» деп танылып, қамауға алынды. 1938 жылы 22 наурызда Ольга Семеновнаны КСРО ІІХК Ерекше Кеңесінің шешімімен «Отанын сатқандардың отбасы мүшесі» ретінде 8 жылға тұтқындалды. Қызы Лена балалар үйіне орналастырылды. Лагерде Ольга Семеновнамен бірге емшектегі ұлы Азариймен дыбыссыз киноактрисасы Рахиль Мессерер-Плисецкая да болды.
Георгий Каретниковтың туған әкесі Николай Георгиевич мәдениет министрлігінде жұмыс істеген. Ол жеке басының мансабы үшін ұлынан бас тартқан. 1946 жылы 9 ақпанда Ольга Семеновна босап шығып, ұлын алып, Александров қаласына барып тұрды, өйткені оның Мәскеуде және басқа да ірі қалаларда тұруға құқығы болмады. Александровта ол кесте тігумен күн көрді, себебі мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмады, сабақ беруге қатаң тыйым салынды.