Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасына еңбек сіңірген дәрігері Мағрифа Қазбекова 20 жылдай «жазаланған» статусында болды.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасына еңбек сіңірген дәрігері Мағрифа Қазбекова 20 жылдай «жазаланған» статусында болды. Балқаш қаласының денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосқан, бірқатар атақты дәрігерлер тәрбиелеп шығарды, «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қызыл Еңбек Ту ордені», «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасына еңбек сіңірген дәрігер» мемлекеттік марапаттарға ие болды. Іс-шара басында қонақтар лагерь азабынан өткендерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Кездесу кешін директордың орынбасары Самат Ілиясұлы Тергембаев ашты. Ол кіріспе сөзінде Мағрифа Қазбекованың ҚазКСР Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі туралы және Зәуре мен Жаннат Қазбековаларға репрессияға ұшыраған атасын, әжесі мен анасын ұмытпай, есте сақтағандары үшін алғысын білдірді. Балалар жұқпалы аурулар дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі Мағрифа Қазбекованың немересі Зәуре Мұратқызы Оспанова атасы Ысмағұл Қазбековтың Тимирязев атындағы академияның түлегі болғанын, оның 1937 жылы ғылыми симпозиумға қатысып, шетелдік іссапардан келген соң «халық жауы» деп тұтқынға алынғанын, одан кейін бірнеше айдан соң, 1938 жылы «халық жауының әйелі» ретінде Мағрифа Қазбекованың «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагеріне» жіберілгені туралы және олардың балалары бір-бірінен ажырап, ұлы Ерденнің Магнитогорскідегі мектеп-интернатқа, ал қызы Элкенің Шымкент қаласындағы балалар үйіне жіберілгені туралы баяндап берді. М.Қазбекова 1938-1947 жылдар аралығында Карлагтың «АЛЖИР», Долинка және Балқаш бөлімдерінде болды. Сол кезде М. Қазбекова аталған лагерде ауруханаға меңгеруші болып тағайындалады. Ол әскери тұтқындарға арналған барақта балалармен бірге тұрды, олардың арасында танымал тұлғалар да болған.



FaLang translation system by Faboba