4-9 шілде аралығында "Алаш" залында қала күніне орай «Ел жүрегі – Астана» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: өскелең ұрпақты қазақстандық патриоттық сезімге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, елорданың көрікті жерлері туралы білімді қалыптастыру. Көрмеде қаланың құрылу тарихы, жас Астананың қалыптасуының негізгі кезеңдері, сондай-ақ 19 ғасырдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі әртүрлі уақыт кезеңдерінде ұсынылған сәулет құрылыстары көрсетілді. Сонымен қатар, "Астана балалар көзімен" сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде келушілер "Жұлдыз" балабақшасының тәрбиеленушілерінің, Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың шығармашылығымен таныса алады. «Астана-Бәйтерек» монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы бейнеленген жұмыстар қағаз бен ермексаздан жасалған. Олардың қатарында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары салған суреттер мен қолөнер бұйымдары бар.