26 шілде күні экскурсия жүргізуші Бақтыгүл Саханова қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық көмек, сонымен қатар қылмыстық жазасын өтеп шыққандарға және де басқа адамдарға әлеуметтік көмек ұйымдастыру бойынша мекемелерге қолдау көрсету аясында
26 шілде күні экскурсия жүргізуші Бақтыгүл Саханова қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық көмек, сонымен қатар қылмыстық жазасын өтеп шыққандарға және де басқа адамдарға әлеуметтік көмек ұйымдастыру бойынша мекемелерге қолдау көрсету аясында Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің «ЕЦ-166/10» мекемесінде «Ұрпақтар ұмытпайды» көрмесін ұйымдастырып, дәріс оқыды. ХХ ғасырдың 30-50-жылдарындағы қайғылы қасірет пен оқиғаларды есте сақтап, тоталитарлық жүйенің жазықсыз жапа шеккен құрбандарына қатысты әділеттілікті бұрынғыдай қалпына келтіру, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу, музей қызметін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көрмеде «АЛЖИР» тұтқындарының фотосуреттері мен архивтік құжаттары ұсынылды.