Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы 2023 жылдың 16 қазан күні дүниеден өтті. Несіпбек Айтұлы Тәуелсіз еліміздің мәдени-рухани өркендеуіне зор үлес қосып, еңбек еткен Мәдениет пен өнер саласының қажырлы қайраткері еді. Астана қаласының рухани дамуына өлшеусіз еңбек етті. Астана қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясының Сәкен Сейфуллин мұражайында ұзақ жыл кызмет етіп, абыроймен атқарып келді. Несіпбек Айтұлының жаткан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Отбасына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.