14 қараша күні маман Гүлнұр Мейірханова Жолымбет кенті жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары үшін «Біз қалай халық жаулары болдық» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс 1937-1938 жылдары Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне жалған айып тағылып, жазықсыз жазаланғаны және қазақтың ғылымы мен мәдениеті орны толмас шығынға ұшырағаны, сонымен қатар, олардың әйедері «АЛЖИР» лагерінде мерзімдерін өтегені туралы болды.