1940 жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басында сталиндік қуғын-сүргіннің үшінші толқыны өзінің жалғасын тапты. 1946 жылдың тамыз айында «Звезда» және «Ленинград» журналдарының ұжымы, драма театрлардың репертуарлары, «Большая жизнь» кинофильмі туралы БК(б)П қаулылары осыған жол ашты. Саяси-идеалогиялық қысым әдебиеттен бастап музыка, жаратылыстану, қоғамдық ғылымдарды түгел қамтып, 1953 жылы «Дәрігерлер ісімен» аяқталды.Ысмайылов Е., Жұмалиев Қ., Кенжебаев Б., Әуезов М., Сәтпаев Қ., Бекмаханов Е., Жұбанов А., Марғұлан Ә., Ә.Қоңыратбаев, Омаров І., Бектұров Ж., Мұхамедханов Қ., Сүлейменов Б., Шаңғытбаев Қ., Қ. Мұха-метқановтарға «ұлтшылдық» айдары тағылып, қудаланды.