28 қараша күні «Алаш» залында «Ұрпақтар ұмытпайды» көрмесі ұйымдастырылды. Өткізу мақсаты: «АЛЖИР» тұтқындарын құрметпен еске алу. Аталған көрмеде Қазақ КСР денсаулық сақтау халық комиссары Хасен Нұрмұхамедов пен оның жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны Кира Берсеневаның, Қазақстан атқару комитетінің Президиум мүшесі Мұхамедқали Тәтімов және оның жұбайы Шәкітайдың, Алматы облысы Кеген ауданының прокуроры Шәкір Ғайсин және оның жұбайы Ғайнижамалдың, «АЛЖИР» тұтқыны Сұлухан Бағызбаеваның, Амторг төрағасы Саул Брон мен оның жұбайы Клараның, Добруш Мемлекеттік банк бөлімінің директоры Севек (Сендер) Лихтенштейн және оның жұбайы «АЛЖИР» тұтқыны Ентаның, КСРО Мемлекеттік банкі директорының орынбасары Соломон Михайлович Харин мен оның жұбайы «АЛЖИР» тұтқыны Софья Зильбербергтердің фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары ұсынылды.