20 наурыз күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Саха (Якутия) Республикасы мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Иванович Ноев келді. Қонаққа «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді. Сонымен қатар, мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты саяси қуғын-сүргін құрбандары балаларының естеліктер жинағы сыйға берілді.