10 сәуір күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне Түркияның Анталия қаласынан филология ғылымдарыңың докторы (PhD), жазушы, аудармашы Ашур Өздемир, Стамбул қаласынан «Kam-Us Yayinlari» баспасының басшысы, жазушы, өнер академигі Айдемир Гүлтегин, Қырғызстаннан акын, журналист Елдар Атдокров, сондай-ақ қазақ ақындары Ерғожа Тілепбердиев, Гүлісхан Домалайқызы және Сәуле Шәтенова келді. Қонақтарға «Алаш», «АЛЖИР» мұражай залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.


