31 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі өтті.

31 мамыр күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі өтті. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы өз сөзінде сталиндік репрессия кезінде ұлтымыздың зиялылары, білімді, көзі ашық азаматтар жаппай қудаланғаны, мыңдаған адам халық жауы атанып, аяусыз азапталғаны, сотсыз атылғаны, ұлтымыз аз ғана уақыт ішінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров сияқты мыңдаған ең асыл перзенттерінен айырылғаны туралы айтты.

img
FaLang translation system by Faboba