4 маусым күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты іс-шара өткізді.

4 маусым күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай ҚР Қорғаныс министрлігінің «№ 44813 әскери бөлімі» РММ мен «Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК бірлесіп «Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты іс-шара өткізді. Мақсаты: отанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді дәріптеу, патриотизмге тәрбиелеу. Іс-шара барысында балабақша бүлдіршіндері Отан туралы тақпақ айтты. Балаларға тәттілер үлестірілді, сарбаздарға музей экспозициясы бойынша экскурсия жүргізілді.

FaLang translation system by Faboba