vzaimodejstvie-so-smi-2019

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара жұмыс

1 ақпанда «Telemaster.kz»ЖШС-нің тілшісі Олег Болдырев ҚР Туризм және спорт министрлігінің тапсырысымен ұйымдастырылған мемлекеттік, орыс және ағалшын тілдерінде шыққан «Путешествуй по Казахстану» бағдарламасы шығарылымның көшірмесін мұражайға тапсырды. Бұған дейін 2018 жылы қазан айында тілшілер мұражай аумағында және ішінде орналасқан экспозициялар бойынша түсірілім жасаған еді. Тілшілер келген уақытта экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің экскурсия жүргізушісі К.Пархоменко «АЛЖИР» лагерінің тарихы және ХХ ғасырдың 30-50 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды мәңгілік есте сақтау бағытында ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы баяндап берді.

20 ақпанда «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының тағдырлары туралы репортаж дайындау мақсатында Грузия елінің «Новая неделя» қоғамдық телеарнасының түсірілім тобының мүшелері Бераиа Кетеван және Шуквани Заза мұражай аумағында және «Алаш», «АЛЖИР» залдарының экспозициялары бойынша түсірілім жасады. Мұражай қызметкерлері Р.Жақсыбаева мен К.Пархоменко «АЛЖИР» лагерінің тарихы, грузин ұлтты «АЛЖИР» тұтындары және ХХ ғасырдың 30-50 жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды мәңгілік есте сақтау бағытында ұйымдастырылатын іс-шаралары туралы баяндап берді.

27 ақпанда мұражайдың ресми аккауынтарында Facebook пен  Instagram әлеуметтік желілерінде мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаевтың «Нұр Отан» Халық-демократиялық партиясы XVIII кезекті съезінің жұмысы туралы пікірі жарияланды.

11 сәуірде 2019 жылғы 9 сәуірде Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мен Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи музейі бірлесіп «Ғасырларға созылған қасірет» тақырыбындағы көшпелі көрменің ашылуына арналған Әйгерім Шалданбаеваның «Чтобы помнили» мақаласы «Астана ақшамы» газетіне шықты. Мақаламен http://vechastana.kz/chtoby-pomnili/ сілтемесіне кіру арқылы танысуға болады.

22 сәуірде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында зерттеуші, құжатшы Мамай Жанболат деректі фильм түсіру мақсатында келіп, мұражай аумағындағы  және мұражай экспозициялары бойынша бейнетүсірілім ұйымдастырды. Экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Ә. Ескендірова «АЛЖИР» лагерінің тарихы мен тұтқын әйелдер жайлы, сонымен қатар мұражай қызметкерлерінің атқарып жатқан қызметі ХХ ғасырдың 30-50-шы жж. саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтауға  бағытталғандығы туралы айтып берді.   

15 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Қазақстан» телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасының тілшілеріне экспозициялық-көрме жұмысы бөлімінің маманы Б. Жалғасова мұражайдың  зерттеу, экспозициялық-көрме қызметі мен алдағы уақытта ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы сұхбат берді.

17 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Қазақстан» телеарнасының тілшілері «АЛЖИР» тұтқыны  Ефросинья Васильевна Яковленконың ұлы  Ақмол ауылында тұрып жатқан Александр Серікбайұлы Тайгариновпен әңгімелесті. Сонымен қатар, мұражай қызметкерлері Ә. Ескендірова мен А. Саморокова тілшілерге мұражай қызметі мен қордың жұмысы, сонымен қатар  алдағы уақытта ұйымдастырылатын  іс-шаралар туралы айтып берді. Аталған бағдарлама 2018 жылғы 31 мамырда қазақ және орыс тілдерінде эфирге шықты. 

23 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Қазақстан» телеарнасының тілшілері музей аумағында орналасқан экспозициялар мен  «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша түсірілім жүргізді. Мұражай қызметкері                     Б.Жалғасова мұражай қызметі мен қор жұмысы және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы баяндап берді.

23 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Қазконтент АҚ жанындағы Ruh.kz сайтының  продюсері Бибігүл Құламанға   мұражай маманы Б. Жалғасова

музей қызметі мен қор жұмысы, сонымен қатар алдағы уақытта ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы айтып берді.

24 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Хабар» агенттігінің тілшілері музей аумағында орналасқан экспозициялар  мен «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша түсірілім  жасады. Мұражай  қызметкерлері С. Майлыбаева мен Г. Төлепбергенова музей қызметі, қор жұмысы және алдағы уақытта ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы айтып берді. Жаңалықтар шығарылымы 2019 жылғы 31 мамырда қазақ және орыс тілдерінде шықты.

28 мамырда  31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Хабар» телеарнасы  музей аумағнда орналасқан экспозициялар  мен «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша  түсірілім  жасады. Мұражай маманы Б. Жалғасова зерттеу  мен қор қызметі, сонымен қатар алдағы уақытта ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы айтып берді.

28 мамырда  31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында мұражайдың зерттеу жұмысы бөлімінің басшысы Л. Әбдірахманова мен маман Б. Жалғасова  Қазақ радиосына сұхбат берді.

29 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Қазақстан» телеарнасының тілшілері Мәскеу қаласынан келген «АЛЖИР» тұтқыны Валентина Грюнбергтің немересі Вера Константиновна Грюнберг-Иванниковамен кездесті. Сұхбат барысында Вера Константиновна әжесінің  тағдыры туралы баяндап берді.

Сонымен қатар, мұражай маманы А. Хасенова 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында мұражайда өткізілетін іс-шаралар туралы, зерттеу, экспозициялық-көрме жұмысы мен қор қызметі туралы айтып берді.

29 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалы  «Kokshe» телеарнасының тілшілері  музей аумағында орналасқан экспозициялар  мен «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша түсірілім  жасады. Музей қызметкерлері Г. Төлепбергенова мен Б. Жалғасова тілшілерге зерттеу мен қор қызметі туралы, сонымен қатар  алдағы уақытта ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы айтып берді.

30 мамырда  31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Карлагта мерзімін өтеген белгілі ғалым Н.В. Тимофеев-Ресовский туралы көркем фильмінің сценариін жасау мақсатында Мәскеу қаласының  ЖШҚ «Три «А» кинокомпанияның тілшілері музей аумағында орналасқан экспозициялар  мен «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша  түсірілім  жасады. Экскурсия жүргізушісі К. Пархоменко  31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында мұражайда өткізілетін іс-шаралар туралы, зерттеу, экспозициялық-көрме және қор қызметі туралы айтып берді.

30 мамырда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Хабар 24» телеарнасы музей аумағында орналасқан экспозициялар  мен «Алаш» және «АЛЖИР» залдары бойынша  түсірілім  жасады. Олар Мұстафа Шоқайдың келіні Пейшенкүл Әбілханқызы Тоқмағамбетова мен «АЛЖИР» тұтқыны Валентина Грюнбергтің немересі Вера Константиновна Грюнберг-Иванниковадан сұхбат алды.

FaLang translation system by Faboba