14 қыркүйек «Ахмет Байтұрсынұлы 1873-1937» атты дәріс (1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам және мемлекет қайраткері, қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түріктанушы, публицист, аудармашы, педагог Ахмет Байтұрсынұлына арналған) оқылады .
16 қыркүйек мұражай «Зерде» залында «Мансұр Тиатұлы Ғатаулин 1903-1937жж.» атты дәріс (1937 ж. қуғын-сүргінге ұшыраған партия және қоғам қайраткері, Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі, 1932 жылы шілде айында Қазақстан өлкекелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жазылған наразылық хатқа қол қойған бесеудің бірі Мансұр Ғатаулинға арналған ) оқылады.
16-23 қыркүйек мұражай «Алаш» залында «Мемлекеттік тіл – елдігіміздің алтын тұғыры» бейнепанорамалы көрме (22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне арналған) корсетіледі.
19-27 қыркүйек мұражай «Көрме» залында «АЛЖИР»-дің әйелдері» атты көрме («АЛЖИР» тұтқындары Роза Цыпкина, Борешко Мария, Кұсни-Камал Байғаскиналарға арналған) ұйымдастырылады.
20 қыркүйек «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiнiң ЕЦ-166/10 мекемесiнде» РММ «Жаппай саяси қуғын-сүргіндердің жаңғырығы» көшпелі көрме (қылмыстық жазаларды және өзгеде қылмыстық-құқықтық ықпал етумен және сонымен қатар қылмыстық жазаларды өтеп шыққандарға және де басқа адамдарға әлеуметтік көмекті ұйымдастыру бойынша мекемелерге қолдау көрсету аясында) ұйымдастырылады .
21-28 қыркүйек Целиноград ауданы, Ақмол ауылының № 5 орта мектебінде «Келешегіміз есірткісіз болсын!» атты көшпелі көрме («Астана – есірткісіз қала» өнірлік бағдарламаны орындау мақсатында) ұйымдастырылады.
22 қыркүйек мұражай «Зерде» залында «Үмітін үзбеген...» атты дәріс (1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет қайраткері, АҚШ-тағы «Армторг» кеңестік сауда бірлестігінің төрағасы Саул Григорьевич Бронның жұбайы, «АЛЖИР» тұтқыны Клара Бронға арналған) оқылады .
27 қыркүйек мұражай «Зерде» залында «Алаш және қазақ зиялылары» атты дәріс оқылады.