Мұражай педагогикасы
«АЛЖИР» мұражай қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі – кіші ұрпақтың тарихқа, өнерге және мұражайға жұмылдыруы болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін мұражай әкімшілігі Ақмол ауылының № 5 орта мектебімен бірігіп қызмет атқару туралы меморандум жасады.
Мұражай ұжымы балалармен іс-шаралар өткізуде. Мұражай педагогикасы барысында өткізілетін іс-шараларға Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің 6 мен 17 жас аралығындағы балалар белсенді қатысуда.
"АЛЖИР" мұражайы, адамдар және оқиғалар туралы ақпараттың дереккөзі бола отырып, балаларға әсерлі ықпал етеді, олардың ортақтастық және аяныш сезімін туғызады. Сонымен қатар, мұражай мәдениет білімін арттыруға көмек береді. Оқушылар сабақта тарих, ел және қала туралы білім алса, ендеше білімдерін сабақтан тыс уақытта кеңейтумен бірге, олар өздерін зерттеуші, экскурсия жүргізушісі, мұражай қызметкері болып сынап көре алады.
Материалдарды жинау, өткен және өзге оқиғаларға қатысу мақсатында ең кішкентай балалармен байқаулар мен ойындар, ересек балаларға Ақмол ауылының тұрғындарымен кездесу, сұхбат өткізу тапсырылады.
Музейная педагогика-2015
Ақпанда «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешенінде Астана қаласы мен Ақмол ауылы мектептері бойынша 1-5 және 5-8 сынып оқушыларының арасында Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған суреттер сайысы жарияланды. Суреттердің форматы А-4 болу керек, суреттерді мұражайға сәуірдің 30-на дейін тапсыру қажет. Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік суреттерден мұражайдың «Зерде» залында көрме ұйымдастыру және кітапша шығару жоспарланып отыр.
6-17 наурыз аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің 1-4 сыныптағы оқушылардың жұмыстары көрсетілген.
12 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің маманы Әлібаева М. Целиноград ауданы Ақмол ауылындағы № 5 орта мектебінің 9 сынып оқушыларына «Дені сау ұрпақ – Отанның сенімді тірегі» атты тақырыбында семинар-дәріс өткізді. Іс-шараның басты мақсаты: «Жасөспірімдер арасында нашақорлықты болдырмау және алдын алу шараларын ұйымдастыру». Оқушыларға нашақорлық туралы және оның пайда болу себептері туралы толықтай мәлімет берілді.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында нашақорлықтың пайдалану көрсеткіші жылдан жылға өсіп барады. Соның арасында кәмелеттік жасқа толмаған жастар да бар. Наркотикалық заттардың адам ағзасына қаншалықты зиян екені айтылды. Оқушылар белсенділік танытып толықтай қатысты. Бірлесіп өткізілген іс-шараға барлық оқушылар бірлесіп ат салысты. Қойылған сұрақтарға белсенділік танытып жауап берді. Берілген ақпарат оқушыларға жақсы әсер берді.