muzejnaya-pedagogika-2017

Мұражай педагогикасы

«АЛЖИР» мұражай қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі – кіші ұрпақтың тарихқа, өнерге және мұражайға жұмылдыруы болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін мұражай әкімшілігі Ақмол ауылының № 5 орта мектебімен бірігіп қызмет атқару туралы меморандум жасады.

Мұражай ұжымы балалармен іс-шаралар өткізуде. Мұражай педагогикасы барысында өткізілетін іс-шараларға Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің 6 мен 17 жас аралығындағы балалар белсенді қатысуда.

"АЛЖИР" мұражайы, адамдар және оқиғалар туралы ақпараттың дереккөзі бола отырып, балаларға әсерлі ықпал етеді, олардың ортақтастық және аяныш сезімін туғызады. Сонымен қатар, мұражай мәдениет білімін арттыруға көмек береді. Оқушылар сабақта тарих, ел және қала туралы білім алса, ендеше білімдерін сабақтан тыс уақытта кеңейтумен бірге, олар өздерін зерттеуші, экскурсия жүргізушісі, мұражай қызметкері болып сынап көре алады.

Материалдарды жинау, өткен және өзге оқиғаларға қатысу мақсатында ең кішкентай балалармен байқаулар мен ойындар, ересек балаларға Ақмол ауылының тұрғындарымен кездесу, сұхбат өткізу тапсырылады.

24 сәуірде экспозиция-көрме бөлімі жұмысының мамандары Жалғасова Б. мен С. Майлыбаева Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің кітапханасында 2 «Г» сыныбының оқушыларына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» слайд көрмесі мен викторина ұйымдастырды. Іс-шараларға ақысыз түрде 25 адам қатысты.

FaLang translation system by Faboba