Музейная педагогика-2015

Ақпанда «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешенінде Астана қаласы мен Ақмол ауылы мектептері бойынша 1-5 және 5-8 сынып оқушыларының арасында Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған суреттер сайысы жарияланды. Суреттердің форматы А-4 болу керек, суреттерді мұражайға сәуірдің 30-на дейін тапсыру қажет. Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік суреттерден мұражайдың «Зерде» залында көрме ұйымдастыру және кітапша шығару жоспарланып отыр.

6-17 наурыз аралығында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Алаш» залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің 1-4 сыныптағы оқушылардың жұмыстары көрсетілген.

12 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің маманы Әлібаева М. Целиноград ауданы Ақмол ауылындағы № 5 орта мектебінің 9 сынып оқушыларына «Дені сау ұрпақ – Отанның сенімді тірегі» атты тақырыбында семинар-дәріс өткізді. Іс-шараның басты мақсаты: «Жасөспірімдер арасында нашақорлықты болдырмау және алдын алу шараларын ұйымдастыру». Оқушыларға нашақорлық туралы және оның пайда болу себептері туралы толықтай мәлімет берілді.

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында нашақорлықтың пайдалану көрсеткіші жылдан жылға өсіп барады. Соның арасында кәмелеттік жасқа толмаған жастар да бар. Наркотикалық заттардың адам ағзасына қаншалықты зиян екені айтылды. Оқушылар белсенділік танытып толықтай қатысты. Бірлесіп өткізілген іс-шараға барлық оқушылар бірлесіп ат салысты. Қойылған сұрақтарға белсенділік танытып жауап берді. Берілген ақпарат оқушыларға жақсы әсер берді.

FaLang translation system by Faboba