Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара жұмыс

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара жұмыс

26 қыркүйекте «Білім және мәдениет» арнасы «Секреты музеев» бағдарламасы үшін мұражай экспозициялары бойынша бейнетүсірілім өткізді. Мұражай маманы арна тілшілеріне мұражай қызметі мен «АЛЖИР» лагерінің тарихы туралы баяндап берді.

27 қыркүйекте 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 76 «Наш Костанай» газетінде «АЛЖИР» мұражайы қызметкерлерінің Қостанай қаласына ұйымдастырылған іс-сапар нәтижесі бойынша жазылған тілші Мәдина Рамазанованың «АЛЖИР» лагерінің тарихы мен мұражай қызметі туралы «Лагерь пролитых слез...» мақаласы жарыққа шықты.

4 қазанда «Білім және мәдениет» арнасы «Секреты музеев» бағдарламасы үшін мұражай экспозициялары бойынша бейнетүсірілім өткізді.

28 қазанда мұражайда «Независимый продюсерский центр «КАЗ телефильм» ЖШС Қазақстан Ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырған «Қармен жуылған хат» төрт сериялы көркем телевизиялық фильмінің түсірілімі басталды. Фильмінің түсіріліміне мұражай мамандары, сонымен қатар «Малиновка» іздеу тобының мүшелері қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Целиноград ауданы әкімшілігінің «Тілдерді оқыту орталығы» МҚМ-нің ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәні бойынша ашық сабағына «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері қатысты. Сабаққа белсенді қатысқаны үшін Тілдерді дамыту орталығының директоры Жақия Абайұлы Жылқыбаев мұражай қызметкерлеріне естелік кәдесыйларын табыстады.

9 желтоқсанда 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 50 (68652) «Вести Акмола» газетінде мұражай қызметкерлерінің ағылшын тілі пәні бойынша ашық сабағына қатысқаны туралы «Тіл – халықтың байлығы» мақаласы жарыққа шықты.

FaLang translation system by Faboba