nauchno-issledovatelskie-komandirovki-2013

30 наурыз-5 сәуір аралығында мұражай қызметкерлері Алматы қаласына іс-сапармен барып қайтты. Мұражай қорына «Қазақ», «Алаш», «Ақ жол», «Аул», «Қызыл ту», «Лениншіл жас», «Бостандық туы», «Еңбекші қазақ», «Жас азамат», «Аул-Тли», «Сары-арқа» газеттерінің қиындылары түсті.

Қазақтың тұңғыш режиссеры, драматург, Қазақ КСР халық әртісі Жұмат Шаниннің немересі Райхан Шанина мұражай қорына атасының өмірі мен қызметіне қатысты фотосуреттер мен бейнематериалдарды тапсырды.

29 тамыз-2 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласына іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында мұражай қызметкерлері Қарағанды облысы Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау және қалалық тарихи-өлкетану мұражайларында зерттеу жұмыстарын жасады.

4-14 қазан аралығында мұражай қызметкерлері Қызылорда қаласына іс-сапармен барып қайтты. Іс-сапар барысында олар Қазақстанның тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараевтың қызы Мариэтта Есқараевамен кездесті. Ол мұражай қорына әкесіне қатысты құнды материалдарды тапсырды.

FaLang translation system by Faboba