30 қыркүйекте Қарттар және мүгедектер күніне орай «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мен Целиноград ауданы «Жас-Шабыт» балалар шығармашылық орталығымен бірлесіп «Зерде» залында Ақмол ауылында тұрып жатқан мүмкіндігі шектеулі жандар мен қоныс аударушылардың қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды (17 адам). Директордың орынбасары Қ.Т. Дүйсекеев кіріспе сөз сөйледі. «Жас-Шабыт» балалар шығармашылық орталығының тәрбиеленушілеріконцерттік бағдарлама ұйымдастырды. Іс-шара қатысушылары пауэрлифтинг бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның 16 дүркін чемпионы Вадим Дукарт пен Целиноград ауданының «Болашақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аман Капанов мұражай қызметкерлеріне берген сұхбатында қиындыққа берілмей, өмірге сенімділікпен қарау керек екендігін айтты.
Іс-шара соңында қонақтарға мұражайдан естелік ретінде мемориалдың 10 жылдығы мен жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» атты балаларыныңестеліктер жинағы сыйға берілді. Сонымен қатар, «Жас-Шабыт» балалар шығармашылық орталығының тәрбиеленушілеріне «Аманат – «АЛЖИР» қоғамдық қоры сыйлық ұсынды.