2019 жылғы 16 қазанда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Целиноград аудандық кітапханасы мен «Малиновка» іздеу тобымен бірігіп қазақтың көрнекті ақын-жазушылары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтердің 125 жылдық мерейтойына орай «Үш бәйтерек» аттыіс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараны өткізу мақсаты – қазақтың көрнекті ақын-жазушылары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жасүгіровтердің рухын есте сақтау және құрметтеу, шығармашылықтарын насихаттау, өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Іс-шара барысында «Малиновка» іздеу тобының мүшелері Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің және Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерін оқыды, сонымен қатар № 5 орта мектебінің орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ботагөз Ертайқызы Сәрсембаеваның бастамасымен Сәкен Сейфуллинді тұтқынға алу сәтінен көрініс қойылды. Сондай-ақ, Целиноград аудандық кітапханасы «Қазақ жерінің ғұлама тұлғалары» тақырыбында кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

Іс-шара соңында мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев мұражайдың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін қатысушыларға алғысын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.

#BBD0E0 »
FaLang translation system by Faboba