2019 жылғы 11-13 қазан аралығында еуропа, ресей және еуразия зерттеулер институтының директоры, философия докторы
Аталған конференцияға қатысу мақсаты – «АЛЖИР» мұражайының қызметін насхаттау, ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдардағы қайғылы қасіретті пен оқиғаларды есте сақтау, тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру.
Конференция барысында мұражай қызметкерлері «Олардың есімдері мәңгі біздің жадымызда сақталады...» атты көшпелі көрмесі мен «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмінің тұсаукесерін ұйымдастырды. Аталған көрме ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін жалғасады. Ынтымақтастықты нығайту мақсатында Марлен Ларюэль мұражай қорына «Kazakhstan in the making», «Olo patterns nev order», «Kazakhstan Nation – Branding economic trials and cultural changes» авторлық басылымдарын сыйға тартты. Сондай-ақ, Марлен Ларюэльге «АЛЖИР» мұражайының басылымдары, оның ішінде «Алаш»-«АЛЖИР» екі томдық кітабы, «Елбасының бастамасымен ашылған еді» каталогы, «Қазақстан бізді біріктіреді», «АЛЖИР». Қорқынышты түстей», «Ұрпақтар ұмытпайды» атты «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының естеліктер жинақтары, сондай-ақ 2010 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясында шығарған «Тарихтан қазіргі заманға» атты достастық елдері тарихшылары форумының материалдар жинағын сыйға берілді.
«АЛЖИР» мұражайының қызметкерлері Холокоста мемориалдық музейінде Халықаралық мұрағаттық бағдарламалардың басшысы Вадим Альтсканның бастамасымен Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Хозеұлы Казыхановтың, еврей халқы музейі ұжымының және еврейлер конгресі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел, «АЛЖИР» музейі – тарихтың өткен жылдарындағы бірегей ескерткіші» көрмесі мен «АЛЖИР»-дің ызғырлы суығы» деректі фильмінің тұсаукесерін ұйымдастырды. Еврей халқы музейі «АЛЖИР» музейінің қорына «Hidden History of the Kovno Ghetto», «Holocaust and Genocide Studies» (2006), «Holocaust and Genocide Studies» (2009), «Holocaust and Genocide Studies» (2013) кітаптарын табыстады. Сондай-ақ, аталған музейге «АЛЖИР» мұражайының басылымдары, оның ішінде «Алаш»-«АЛЖИР» екі томдық кітабы, «Елбасының бастамасымен ашылған еді» каталогы, «Қазақстан бізді біріктіреді», «АЛЖИР». Қорқынышты түстей», «Ұрпақтар ұмытпайды» атты «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының естеліктер жинақтары, сондай-ақ 2010 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясында шығарған «Тарихтан қазіргі заманға» атты достастық елдері тарихшылары форумының материалдар жинағын сыйға берілді.

FaLang translation system by Faboba