28 қазанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің «Зерде» залында Ақмола лагерінде мерзімін өтеген ақын және суретші әйелдердің рухын құрметтеуге арналған «Поэзия сәулесі»
Іс-шара барысында мұражай мамандары Сая Майлыбаева 30 жылдай сталиндік түрмелер мен өлім лагерлерде отырған ақын Анна Тимиреваның 1946 жылы жазған Қазақстан жайлы, Анар Хасенова – Қазақ Мемлекеттік филармониясының әншісі, «АЛЖИР»-де мерзімін өтеген Рысбала Сүлейменованың «Безвинные очи позором покрою» атты өлеңдерін оқыды.
«Малиновка» іздеу клубының мүшелері Арина Котенко «АЛЖИР» тұтқыны Гертруда Платайстың естелігі бойынша жазылған «Құрт– қымбат тас» өлеңін айтып, шығу тарихын баяндады. Сондай-ақ, Татьяна Ларина «АЛЖИР»-де мерзімін өтеген ақын Софья Солунованың «Қазақстан» атты өлеңін оқыды.
Іс-шара қатысушылары Нұр-Сұлтан қаласы №1 өнер мектебінің қатысушылары Дамира Ахатова, Ақбота Баттал, Айша Жиянша, Әйгерім Омарова, Мария Безрукова, Мамышева Сүлейма, Дильназ Құсайынова, Анжелина Першина, Айзере Серікқалиева, Аруан Мәкеновтар өз жұмыстарында «АЛЖИР» тұтқындарының өміріндегі қайғылы сәттерін: тұтқындалуын, балаларынан айырылуын, тұтқында сурет салу сәттерін бейнелеп, әңгімелеп берді. Балалардың мұражай қорына табыстаған жұмыстары ұйымдастырылатын көрмелерден орын алады.
№1 өнер мектебінің оқытушысы Талғат Маратұлы Жаманбаев аталған іс-шара мейірімділікке, махаббат пен достыққа үйрететіндігін айтып, мұражай ұжымына алғыс білдірді.
Шығармашылық кеш соңында директордың орынбасары Қуат Төлеуұлы Дүйсекеев мұражайдың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін қатысушыларға алғысын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шара қатысушыларына «Алаш», «АЛЖИР» залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылып, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.

 

FaLang translation system by Faboba