Экспедицияны ұйымдастыру мақсаты – қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарымен кездесу, ХХ ғасырдың 30-50 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихы тақырыбындағы материалдар жинау, мұражай қорын толықтыру, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметін насихаттау.
Іс-сапар барысында мұражай қызметкерлері Анар Хасенова мен Сая Майлыбаева «АЛЖИР» тұтқындарының ұрпақтарымен, оның ішінде Рита Яковлевна Алмазованың қызы мен немересі – Елена Алмазова мен Ольга Чертокпен, Клара Бронның немересі – Марина Генкинамен, Анна Савельевна Сумецкаяның қызы – Елена Михайловна Ржевскаямен, Эмма Эммануиловна Рейнердің немересі – Этель Левинамен, Ента Ароновна Лихтенштейннің қызы – Лилия Верхолевскаямен, Софья Зильбербергтің қызы мен немересі – Майя Шейнина және Кати Зобинамен, Мариам Анцистің шөбересі – Юлия Анциспен, Рашель Романовскаяның немересі – Наталья Гусятинскаямен, Мария Лондонның жиен немересі – Данил Гинзбургпен және т.б. кездесті.
«АЛЖИР» тұтқындарының ұрпақтарымен кездесу қорытындысы бойынша 150-ге жуық материал жинақталды, оның ішінде: түпнұсқа фотосуреттер, хаттар, архивтік құжаттар, картиналар, кестелер, кітаптар, «АЛЖИР» тұтқындарының жеке заттары.