Іс-шара қатысушылары – Израильдегі Қазақстан Респуликасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Буршаков, Корет Бейт тфуцот атындағы еврей халқын зерттеу жөніндегі халықаралық мектебінің директоры Итамар Кремер және мұражай қызметкері Римма Усманова, «АЛЖИР» тұтқындарының ұрпақтары – Майя Шейнина және оның қызы Кати Зобина, Елена Алмазова және оның қызы Ольга Черток баяндама оқыды. Юлия Анцис слайд түріндегі көрмесі мен анасы Татьяна және әжесі Валентина Шевченколардың жазып шығарған «Счастливое детство» атты кітабының тұсаукесерін ұйымдастырып, анасының «АЛЖИР»-дің ауыр күндері тақырыбына салған картиналарын мұражай қорына табыстады. Аталған іс-шараға 100 жуық адам қатысты. Қонақтарға мұражайдан естелік ретінде «Ұрпақтар ұмытпайды» атты «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың балаларының естеліктер жинақтары сыйға беріліп, еврей халқы мұражайының директоры Дан Тадмор мен мұражай қызметкері Римма Усманова алғыс хаттармен марапатталды. Римма Усманова израиль телеарнасының тікелей эфиріне шығып, «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлері «АЛЖИР» тұтқындары ұрпақтарымен кездесу ұйымдастырғаны туралы айтып берді.
«АЛЖИР» тұтқындарының ұрпақтары өз сөзінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорына қуғын-сүргіндердің құрбаны болған ата-аналарының рухын құрметтеуге және мәңгі есте сақтауға бағытталған іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорына Иерусалим, Тель-Авив, Ашдод, Кирьят-Гат қалаларына зерттеу экспедициясын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін, еврей халқы мұражайының директоры Дан Тадмор мен қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарына материал жинауға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.