2020 жылғы 21 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенімен «Ұлы даланың ұлық тұлғасы Әл-Фараби» слайд түріндегі көрмесі мен дәріс ұйымдастырылды

2020 жылғы 21 қаңтарда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені «Малиновка» ізденіс тобымен бірігіп Целиноград ауданының кітапханасында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Ұлы даланың ұлық тұлғасы Әл-Фараби» слайд түріндегікөрмесі мен дәріс сабағын ұйымдастырды. Іс-шараны өткізу мақсаты – өскелең ұрпақты адамзаттың ұлы ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығымен, мұрасымен таныстыру және жастар арасында рухани құндылықты насихаттау.

Ақмол ауылы № 5 орта мектебінің оқушылары – «Малиновка» іздеу тобының мүшелері ғұламаның нақыл сөздерін оқыды, аудандық кітапхана ұжымы кітап көрмесі мен «Мудрость веков. Аль-Фараби» деректі фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.

Іс-шара соңында экскурсиялық-көрме жұмысы бөлімінің басшысы Э.Е. Айағанова ғұламаның ғылымға деген қосқан үлесі туралы айтып, іс-шара қатысушыларына мұражайдың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хат табыс етті.

FaLang translation system by Faboba