26 ақпанда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені «Зерде» залында «Есірткіге жол жоқ!» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараны өткізу мақсаты – оқушылар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, есірткі заттарды пайдаланудың себеп-салдары, формалары бойынша ақпаратты таратуға қолдау көрсету. Іс-шара қатысушылары – Целиноград ауданы Ішкі істер аудандық бөлімінің қызметкерлері, Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің оқушылары – «Малиновка» іздестіру тобының мүшелері.
Ішкі істер аудандық бөлімінің қызметкері Ерік Игілікұлы Асанбаев есірткіні пайдалану тек әкімшілік жауапкершілікке ғана әкеп соқпайтынын, сонымен қатар адамның физикалық және психикалық жай-күйі қайтымсыз өзгерістер тудыратынын айтты.Сонымен қатар, ол өз баяндамасында Целиноград ауданында тұрып жатқан девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерменІшкі Істер аудандық бөлімінің жұмыс нысандары мен әдістері туралы айтып, «Малиновка» іздестіру тобы мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап берді. Ақмол ауылының № 5 орта мектебінің психологы Раушан Естайқызы Хожатова есірткі заттарының салдары туралы әңгімелеп берді.
Іс-шара соңында мұражай директоры Самат Ілиясұлы Тергембаев қатысушыларға мұражайдың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін мұражай ұжымы шығарған «Ұрпақтар ұмытпайды», «АЛЖИР». Қорқынышты түстей» естеліктер жинағын табыс етті.