«АЛЖИР» тұтқыны Ирена Карловна Грабская

 

2020 жылғы 10 наурызда мұражай қоры «АЛЖИР» тұтқыны Ирена Карловна Грабскаяның өмірі мен қызметіне байланысты жаңа материалдармен толықтырылды. Аталған материалдарды АҚШ Техас штатында тұрып жатқан баласы Ян Горбачевски тапсырды.

Ян 2018 жылы мұражайға келген кезде тапсырған материалдардың ішінде анасы Ирена Грабскаяның атына жазылған жеделхат пен 1941 жылғы хат, Ирена Грабскаяның «АЛЖИР»-де матаның кесіндесінде жазылған хаттар, «Интурист» қонақ үйіне рұқсаттама, сонымен қатар, «АЛЖИР»-де бірге мерзімін өтеген Галина Михайловна Мотошканың ағылшын тіліндегі Ұлы Британияның Манчестр қаласында жарыққа шыққан «My War» («Мое сражение») атты өмірбаяндық кітабы бар. Архивтік құжаттарға қарағанда, Ирена Грабская 1915 жылы 30 маусымда туылған. Польшамен шекараны заңсыз кескен үшін айыпталды. «АЛЖИР»-де 1941 жылдың қаңтарынан қыркүйекке дейін болды, амнистияға түсіп босатылды. Босатылғаннан кейін Орынбор облысының Бұзылық орманы санаториясында медбике, кейін Оңтүстік Франциядағы әскери ауруханада бақылаушы болған. Соғыс аяқталған соң Англияда тұрған. 2003 жылы Лондонда қайтыс болды.

Бүгінде Ян анасы туралы жазып жатқан кітапты осы жылы шығаруды жоспарлап отыр.

FaLang translation system by Faboba