Игорь Леонидович Польдің (1926-2015) "Оглянись со скорбью" кітабы

 

Игорь Леонидович Польдің «АЛЖИР»-де мерзімін өтеген анасы Капитолина Николаевна Польдің естеліктері бойынша жазылған (1926-2015) "Оглянись со скорбью" кітабында ата-анасы тұтқындалғаннан кейін өзінің ауыр балалық шағы мен отбасының кейінгі өмірін баяндайды.

Кітап екі рет басылып шықты. Бұл повесті Игорь Леонидович 1991 жылы жазуға бет бұрды. Аталған кітаптың бірінші басылымы Иркутск қаласында (Иркутск, Сиб. Кіт.баспасы, 1991.-192 б.) жарияланды. 2004 жылы Киевте тұрған кезінде Игорь Леонидович «АЛЖИР»-де мерзімін өтеген нағашы апасының немересі Вера Константиновна Грюнберг-Иванниковаға аталған повесті Мәскеуде жариялауға көмек көрсетуді өтінді.

Оған дейін ол 1937 жылы әкесі Леонид Эмильевич Поль тұтқындалып, атылған Чита қаласында қосымша құжаттар негізінде 14 тарауды түзетіп, 2004 жылы "Оглянись со скорбью" кітабының 2-ші басылымын жарыққа шығарды (М.: Русский терем, 2004.- 246 б., таралымы 1000 дана.).
Кітаптың электрондық нұсқасын Сахаров орталығының сайтынан да қарауға болады.