«АЛЖИР» тұтқыны

 

Ментай Дәукенованың айтқан әңгімесі «АЛЖИР» тұтқындары 600 алма талдарын еккен кезде, қояндар алма қабықтарын жей бастады, өйткені қыс қатты болды, жейтін тамағы болмады. Лагерь әкімшілігі сол кезде бір тал жоғалатын болса, тұтқындардың атылатындығын айтты. Әйелдер нанды қояндармен бөлісуді ұйғарды. Әр талдың жанына нанның тілімін тастайтын, қояндар отырғызылған ағаштардың қабықтарына тимей, нанның қиқымын жейтін. Осылай көктемде тұтқын әйелдер алма бағын сақтап қалған. Бүгінде Целиноград ауданының әкімдігі алма бағын қалпына келтіру үшін «АЛЖИР» тұтқындарын есте сақтау мақсатында мұражайға 1,3 га жерді рәсімдеді.

FaLang translation system by Faboba