2020 жылғы сәуірде мұражай қоры 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, атылған Курт Вильгельмович Августиннің материалдарымен толықтырылды.
Тұтқындалғанға дейін Челябі трактор зауытында пирометрист қызметін атқарды. Әйелі Клавдия Августин Карлагтан 1943 жылы босатылғаннан кейін қызы Маринамен бірге Целиноград қаласында тұрды. «Үнемі нан мен май жегіміз келетін...», - деп Марина көзіне жас алып, лагерде өткізген жылдарды еске алатын.
Бүгінде Санкт-Петербург қаласында тұрып жатқан немересі Татьяна Валентиновна Гротова тапсырған материалдардың ішінде: тұтқын анықтамасы, тұтқын анкетасы, жауап алу хаттамасы, айыптау қорытындысы, жауап алу хаттамасынан мәлімдеме, қорытынды және т.б.
Санкт-Петербург қаласына іс-сапармен барған мұражай қызметкерлеріне Татьяна Валентиновна анасы Маринаға қандай дәмді тамақ ұсынылса да, үнемі нан мен май сұрайтынын және ол кісі үшін өмірінің соңына дейін одан дәмді тамақ болмағанын айтты.