1930 жылы Петропавл қаласындағы педагогикалық техникумын бітірген. 1930-1933 жылдары Петропавл қаласында өндірістік-қаржы техникумында оқып жүрген кезде комсомолдың аймақтық комитетінің жас пионерлер бөлімін басқарған, кейін аймақтық тұтыну одағының басқарма мүшесі болып сайланды. Тұтыну одағында жұмыс істеп жүрген уақытта Ақмола облыстық комсомол басқармасы комитетінің мүшесі болды.
Тналина Загфи Садвокасовна была приговорена 10 июня 1938 года ОСО при НКВД как ЧСИР к 3 годам ИТЛ. Прибыла в Акмолинское ЛО 7 октября 1938 года из тюрьмы г. Алма-Аты. Период нахождения в «АЛЖИРе» не указан. Освобождена из Карлага 10 апреля 1941 года (информация составлена на основе книги «Узницы «АЛЖИРа», изданной в Москве, в 2003 году Ассоциацией жертв незаконных репрессий г. Астаны и Акмолинской области, а также Международным обществом «Мемориал»).
1933-1936 жылдары – ВЛКСМ Коммунистік Қазақ аудандық комитет ұйымында балалар бюросының төрағасы қызметін атқарған. 1936-1937 жылдары ВЛКСМ Алматы облыстық комитетінде екінші хатшы болған, ВЛКСМ Қазақ аудандық комитетінің бөлім бастығы, Қазақ Орталық атқару президиумының референді қызметін атқарған. 1937 жылы сәуір айында жолдасы Әлібаев Абат тұтқындалды. Тұтқындалғанға дейін ол Қазақ мемлекеттік баспасының директоры қызметін атқарды (мәлімет Зағипа Тінәлинаның «Мы были счастливы трудом» мақаласынан алынған).
Тіналина Зағипа Сәдуақасқызы 1938 жылдың 10 маусымында КСРО НКВД жанындағы Ерекше Кеңесінің шешімімен 3 жыл бас бостандығынан айырылды. 1938 жылдың 7 қазанында Алматы қаласының түрмесінен Ақмола лагеріне әкелінді. Карлагтан 1941 жылдың 10 сәуірінде босатылды. (мәлімет Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша заңсыз қуғын-сүргін құрбандарының қауымдастығы мен «Мемориал» Халқаралық қоғам 2003 жылы Мәскеу қаласының «Звенья» баспасынан шыққан «Узницы «АЛЖИРа» кітабынан алынған).
1941-1956 жылдары – Облыстық кинофикация бөлімінің іс жүргізушісі, шаруашылық меңгерушісі, директор орынбасары, директор, Ақмола драма театрының администраторы, басшы орынбасары, Ақмола облысы және Целинный аумағындағы мәдениет басқармасының инспекторы қызметін атқарған. 1956 жылы ақталды. 1963 жылы еңбек демалысына шыққанымен Целлиник сарайында кадр бөлімінде жұмысын жалғастырды.
1964 жылы – Революциялық салт-дәстүрді насихаттау Жас коммунистік лигасының ардагерлер кеңесінің мүшесі. 1967 жылыдан – Республикалық құндылығы жоғары бірінші зейнеткер. (мәлімет оның «Мы были счастливы трудом» мақаласы негізінен алынған). 1998 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.
Күйеуі Әлібаев Абат Бәженұлы (1905-1938 жж.) 1905 жылы Оңтүстік облысының Яны-Қорған ауданында дүниеге келген. 1931-1932 жж. – «Еңбек» қазақ газетінің жауапты редакторы, Өзбек ССР Кенимех ауданының аудандық білім бөлімінің меңгерушісі. 1933 жылы Өзбекістаннан Қазақстанға көшіп кеткен қазақтарды қайтаруға саяси уәкілі болып жіберілді. 1933-1937 жж. – бөлім меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспасының директоры. 1937 жылы тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесілді. 1957 жылы ақталған .
(Мәлімет Зағипа Тінәлинаның «Мы были счастливы трудом» мақаласынан алынған).