1893 жылы Сырдария облысының Қызыл-Орда уезінің Қызылқұм кентінде туған. Қазақтан шыққан тұңғыш қазақ банк кызметкері. 20-шы жылдары бірнеше жауапты қызметтерді басқарды: Ақ-мешіт қаласындағы еңбек халық комиссариатына қарасты басқарма комиссары, тұтынушылар кооперация басқарманың төрағасы, Перов аудан одағының төрағасы.
1930-1937 жж. – КСРО Мемлекеттік банкі Қазақ республикалық кеңсесі басқарушысының орынбасары, Қазақстандағы қаржы-несие жүйесінің негізін қалаушы. 16 маусымда 1937 жылы жалған жаламен айыпталып, 1938 жылы 4 қазанда ату жазасына кесілді. 1958 жылы ақталды.
Османова Фатима Қалмұхамедқызы (1906-1965 жж.) 1906 жылы Қызыл-Орда қаласында туған. Ұлты – қазақ. 1937 жылдың 23 желтоқсанында КСРО НКВД жанындағы Ерекше Кеңесінің шешімімен
8 жыл бас бостандығынан айырылды. 1938 жылдың 9 ақпанында Алматы қаласының түрмесінен Ақмола лагеріне әкелінді. Карлагтан 1945 жылдың 17 қазанында босатылды.