Мұражайдың бас қор сақтаушысы Жанар Ергельдинова мен экскурсия жүргізушісі Меруерт Зәйкенова

2020 жылғы 10 маусымда мұражайдың бас қор сақтаушысы Жанар Ергельдинова мен экскурсия жүргізушісі Меруерт Зәйкенова Нұр-Сұлтан қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі Дирекциясы ұйымдастырған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді online форматта насихаттаудың тиімділігі мен ерекшеліктері» республикалық онлайн-семинарға қатысты. Жанар Ергельдинова «Музей қоры жәдігерлермен толығуда және көпшілік назарында», Меруерт Зәйкенова «Онлайн форматта музей қызметін насихаттау» тақырыбында баяндама оқыды. Аталған қызметкерлер семинарға белсене қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.

FaLang translation system by Faboba