Іс-сапар барысында мұражай қызметкерлері Л. Әбдірахманова Л. мен Г. Төлепбергенова ұрпақтармен кездесті. Репрессия құрбаны Ілияс Жансүгіровтың биыл 90 жасқа келген ұлы Саят Жансүгіров мұражай қорына «Үш арыс» кітабы мен кеңес дәуірінің тұрмыстық заттарын табыстады. Нұргүл Майлина мұражай қорына енесі, белгілі қазақтың жазушысы Бейімбет Майлиннің кенже қызы Гүлсім Майлинаның шәй ішуге арналған ыдыс-аяқ жиынтығын тапсырды. 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстанның тұңғыш экономист-профессоры Әзімбай Лекеровтың қызы Айседора Ликерова мұражай қорына әке-анасына қатысты архивтік құжаттар мен фотосуреттер табыстады. ҚазКСР еңбек сіңірген мұғалімі, 100-дығына жарты жыл қалғанда дүниеден өткен анасы Халида Елькибаеваның киген көйлегі (үш дана) мен бас орамалын табыстады. Бар өмірін білім беру және жұбайы Әзімбай Лекеровтың есімін мәңгі сақтау жолына арнаған тұлға. Қазақстанның тұңғыш банкирі, қаржы саласын дамытуға баға жетпес үлес қосқан репрессия құрбаны Төребек Османовтың қызы Зарема Османова мұражай қорына әкесі мен анасына қатысты архивтік құжаттар мен фотосуреттер, өзінің және марқұм апасы Лаураның жеке заттарын, сонымен қатар әкесі Төребектің жиені Сейтеннің 1946 жылы Германиядан әкелген чемоданын тапсырды. Кейін чемоданды лагерден босатылғаннан кейін Фатима пайдаланды. Ол қайтыс болғаннан кейін жеке заттары сол чемоданда сақталған. Апалы-сіңілілер Лаура, Айткүл, тұтқындалғаннан кейін балалар үйіне жіберілген болатын, анасы лагерден босатылғанға дейін оларды әкесінің қарындасы Назым апай тәрбиеледі. Репрессия құрбаны ҚазКСР сауда наркомы Шәкір Дивеевтың қызы Альмара Дивеева мұражай қорына анасы, «АЛЖИР»-де мерзімін өтеген Фатима Дивеева тұтынған қол сөмкесін тапсырды.