Қараша айында мұражай маманы А.Хасенова фэйсбук әлеуметтік желісі арқылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарихшы, этносеминолог, тарих ғылымдарының докторы, мемлекет қайраткері, Қостанай облысы облыстық сотының төрағасы, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған Молдағали Сағдалиевтің немересі Әнуар Әбітайұлы Ғалиевпен байланыс орнатты. Орнатылған байланыс нәтижесінде ол қуғын-сүргінге ұшыраған нағашы атасының фотосуреттері мен архивтік құжаттарын тапсырды.
Әнуар Әбітайұлының нағашы атасы Молдағали Сағдалиев 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, 1938/1939 жылы атылған, әжесі Сағдағалиева (Муртазина) Зоя (Звайда) Әбдірахманқызы, 1914 жылы туылған, 1938 жылдың 10 маусымында КСРО НКВД Ерекше Кеңесінің шешімімен Отанын сатқанның отбасы мүшесі ретінде 5 жылға бас бостандығынан айырылып, мерзімін Ақмола лагерінде өтеген. 2009 жылы 95 жасында қайтыс болған.
Мұражай маманы Гүлжан Бауыржанова Әнуар Ғалиевпен хабарласып, ол мұражай қорына фотосуреттердің, архивтік құжаттардың, мақалалардың көшірмелерін берді.