«Имена» телеарна бағдарламасы циклының түсірілімі болды

2020 жылғы 5 қарашада «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде еліміздің белгілі дәрігерлердің бірі, эндокринологдар  буынының тәлімгері Михаил Ефимович Зельцердің қатысуымен «Абай TV» телеарнасының «Имена» телеарна бағдарламасы циклының түсірілімі болды.

Дәрігерлердің біліктілігін арттыру институтында эндокринология кафедрасының тұңғыш ұйымдастырушысы, ғылым докторы, профессор, қалқанша безінің ауруын емдеу бойынша зерттемелердің авторы, медицина тақырыбына арналған кітаптардың авторы ғана емес, өлеңдер мен әскери жылдар туралы жеке естеліктерінің авторы болып табылады.

Михаил Зельцер ХХ ғасырдың 30-50-жылдарындағы куәгер ретінде берген сұхбатында әкесі Ефим Маркович Зельцер, 1897 жылы туған, азамат соғысына қатысушы, 1937 жылы тұтқындалып, атылған. Анасы Брайна Соломоновна Лурье, 1904 жылы туған, тұтқындалғанға дейін Томск қаласында университетте тарих пәнінен сабақ берді, 1938 жылы Отанын сатқанның отбасының мүшесі ретінде 5 жылға бостандығынан айырылып, «АЛЖИР»-де мерзімін өтеді.  Ата-анасы тұтқындалған кезде үлкен ағасы Рэм 11 жаста, Михаил 7 жаста болатын. Михаил анасы «АЛЖИР»-ден босатылғаннан кейін 1944-1946 жылдар аралығында анасымен бірге жалданба ауылында болды. Бүгінде Алматы қаласында тұрып жатқан Михаил Зельцер 90 жаста. Егде жасына қарамастан ол педагогикалық және емдік қызметін жалғастыруда.

Сонымен қатар, мұражай маманы Анар Хасенова телеарна тілшілеріне Брайна Лурьеның лагерьде үш рет мерзімін өтегені, 1938-1942 жылдар аралығында  «АЛЖИР» лагерінде, 1949-1952 жылдар аралығында  Ленинград «Үлкен үйінде», 1952-1956 жылдар аралығында – Карлагқа этап, Қарағанды облысы, Бурма ауылы, Жарық станциясында болғандығы туралы айтып берді.

FaLang translation system by Faboba