2021 жылғы 17 ақпанда экскурсиялық-көрме бөлімінің маманы Гүлнұр Төлепбергенова Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі, Қазақ Ұлттық хореография академиясы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Astana International University ZOOM форматында Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында ұйымдастырылған «Алаш арыстарының асыл мұрасы» тақырыбындағы онлайн - дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Мақсаты – Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында еліміздің біртуар тұлғаларын еске алып, олардың мұрасын жастарға және бүкіл әлемге паш ету. Гүлнұр Төлепбергенова «АЛЖИР»-де азап шеккен аналар» тақырыбында баяндама оқып, «АЛЖИР» лагерінің тарихы мен «АЛЖИР» тұтқындары мен олардың отбасы мүшелері туралы айтып берді.