2021 жылғы 12 наурызда «АЛЖИР» музейінің ұжымы «Алаш» залында қазақ халқының ұлттық мейрамы – Көрісу күнін атап өтті. Бұл күн — «Адам аузы аққа, мал аузы көкке тиді» деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін күні. Бұл күннің бір ерекшелігі – бұрын-соңды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысады. Төс қағыстырып, мал-жанының амандығын сұрасып, қыстан аман шыққандықтарына тәубе келтіреді.
Мерекелік іс-шараның қатысушылары – «АЛЖИР» музейінің қызметкерлері бір-бірімен амандасып, жақсылық тілеп қана қоймай жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, ілтипат білдірді.
Іс-шара барысында қазақ ұлтының халық әндері орындалып, ұлттық тағамдары қойылған мерекелік дастархан жайылды. Мерекелік дастарханнын бас тағамы- наурыз көже болып саналады.