2021 жылғы 17 наурызда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Целиноград аудандық Ішкі істер бөлімімен бірлесіп мұражайдың инстаграм парақшасында 2021-2022 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласында құқық бұзушылықтың алдың-алудың кешенді жоспары аясында «Құқық тәртібі және құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында дәріс-әңгіме өткізді. Өткізу мақсаты – жастар арасында құқұқ бұзушылықтың алдын алу, жас ұрпақтың бойында құқұқтық сананы тәрбиелеу, өз бетінше шешім қабылау дағдаларын дамыту, жастар арасындағы құқұқтық сауаттылықтың жалпы деңгейін көтеру.
Кездесу барысында Ақмол ауылы жасөспірімдердің ісімен айналысатын инспектор Бөлегенов Асхат Бақытұлы әкімшілік және қылмыстық заң нормаларын, соның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар туралы түсіндірді. Асхат Бақытұлы оқырмандарға оқу орнында және қоғамдық орындарда ережені ұстану, білімдерін жетілдіруге, адамгершілік және отбасы құндылықтарын басшылыққа ала отырып, заң талаптарын бұлжытпай орындауға сақтауға шақырды.